АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№ 61 «ШОЛПАН» БАЛАБАҚШАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласы әкімдігі
Құрметті ата-аналар!
Астана қаласы әкімдігінің №61 «Шолпан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2011 жылы желтоқсан айында ашылған. Балабақша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымы болып табылады.
Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамаларына, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес жүзеге асырады.
Балабақшада 12 топ жұмыс жасайды. Тәрбие мен оқыту үдерісі мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Балабақшаның негізгі мақсаты – Дені сау, бойында ой-өрісі дамыған жан-жақты тұлға тәрбиелеу.
Білім беру үдерісі бекітілген оқу бағдарламалары негізінде ұйымдастырылып, білікті әрі тәжірибелі педагог кадрлармен жүзеге асырылады. Педагогикалық ұжым тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударады.
Балабақшада дамытушы пәндік-кеңістіктік орта жасақталған, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілді меңгерту, мәдени-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі.
Мекеме ата-аналармен өзара ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, балалардың толыққанды дамуына және сапалы мектепке дейінгі білім алуына жағдай жасауға бағытталған.
№61 «Шолпан» балабақшасы балалардың жан-жақты дамуы мен сапалы тамақтануын қамтамасыз ететін заманауи білім беру мекемесі. Мұнда әр бала жеке тұлға ретінде қарастырылып, жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары ескеріліп, шығармашылық және қауіпсіз ортада тәрбиеленеді.
Біз әрдайым балалардың дамуын қолдауға, ата-аналармен сенімді ынтымақтастық орнатуға және мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие сапасын қамтамасыз етуге дайынбыз.