Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталығының жұмыс жоспары
Мақсаты:
Ата-аналарға психологиялық және педагогикалық көмек көрсету, олардың бала тәрбиесіндегі құзыреттілігін арттыру, отбасы мен балабақша арасындағы серіктестікті нығайту.
Міндеттері:
- Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыруға бағытталған іс-шаралар
ұйымдастыру.
- Ата-аналарға баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып,
психологиялық-педагогикалық кеңес беру.
- Балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
- Баланың дамуындағы мәселелердің алдын алу.
|
Айы |
Іс-шараның атауы |
Мақсаты |
Түрі |
Жауапты |
|
Қыркүйек |
«Бала бақыты – отбасы ынтымағында» тақырыбында ата-аналар жиналысы |
Ата-аналарды орталықтың жұмысымен таныстыру, серіктестік орнату |
Топтық кездесу |
Меңгеруші, әдіскер |
|
Қазан |
«Балабақшаға бейімделу кезеңі: ата-анаға көмек» Беске дейін үлгер |
Баланың бейімделуін жеңілдету жолдарын үйрету |
жеке кеңес |
Психолог, тәрбиешілер |
|
Қазан |
«Бала бауыр етіміз» тренингі |
Баланың жан-дүниесін түсінуге шақыру |
Психологиялық тренинг |
Әдіскер, психолог |
|
Қараша |
«Ата-ана мен педагог-бала тәрбиесіндегі серіктестер» |
Тәрбиедегі шекара ұғымын түсіндіру |
Семинар |
Әдіскер, тәрбиешілер, психолог |
|
Ақпан |
«Әке – отбасы тірегі» |
Әке рөлін арттыру, отбасылық тәрбиеде белсенділікке шақыру |
Дөңгелек үстел |
Әдіскер, тәрбиешілер |
|
Наурыз |
«Ананың аялы алақаны» іс- шарасы |
Ертеңгіліктер өткізу, бейнероликтер, мерекелік бейне құттықтаулар мен ашық хаттар |
Ұйымдастырлған ашық іс -шаралар |
Әдіскер, тәрбиешілер |
|
Сәуір |
«Балада оқу мотивациясын қалыптастыру»
«Логопед кеңесі»
|
Мектепке даярлық деңгейін көтеру
Ата-аналарға баланың сөйлеу дамуы туралы ақпарат беру |
Дөңгелек үстел Кеңес беру |
Әдіскер, психолог, логопед
|
|
Мамыр
|
«Отбасылық дәстүрлер», «Отбасым – менің мақтанышым» және т.б. тақырыптар бойынша
|
Отбасы бірлігін, ата-ана мен бала арасындағы серіктестікті нығайту
|
Отбасылық сайыс, немесе видеороликтер дайындау, фотосуреттер көрмесін ұйымдастыру
|
Әдіскер, ата-аналар тәрбиешілер
|
|
Мамыр |
«Жыл қорытындысы: нәтижелер мен ұсыныстар» |
Орталықтың жылдық жұмысын талдау, ата-аналар пікірімен алмасу |
Сауалнама, талдау |
Әдіскер, тәрбиешілер |