Халықаралық отбасы күніне орай балабақшамызда «Әкем, анам және мен – спорт сүйер жанұя» атты көңілді спорттық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы бірлігін нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау.
Сайыс барысында ата-аналар мен балалар түрлі эстафеталық ойындарға белсене қатысып, жылдамдықтары мен ептіліктерін көрсетті. Әр отбасы ұйымшылдық танытып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалардың қуанышты күлкісі мен ата-аналардың белсенділігі мерекенің сәнін келтірді.
