Дүниежүзілік кітап күніне орай, балабақшамыздың мектепалды топтары 21 сәуір күні қалалық балалар кітапханасына саяхат жасады.
Шараның басты мақсаты - балаларды кітап әлемімен таныстырып, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Саяхат барысында бүлдіршіндер кітапхана ережелерімен танысып, түрлі ертегі кітаптары мен қызықты суретті басылымдарды тамашалады. Кітапханашы апайлар балаларға жұмбақтар жасырып, кітапты күтіп ұстау ережелері туралы түсіндіріп өтті.
Бұл күн балалар үшін өте әсерлі, қызықты әрі танымдық болды.
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№ 61 «ШОЛПАН» БАЛАБАҚШАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Астана қаласы әкімдігі
