Балабақшамызда «Дені сау ұлт – қуатты мемлекет» тақырыбында қорытынды спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер ұлттық ойындарға белсене қатысып, ептілік, шапшаңдық, ұйымшылдық және достыққа деген құрметтерін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – балалардың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және бірлік пен өзара қолдауды нығайту.
Көтеріңкі көңіл күйге толы мерекеде балалар қызықты сәттерге кенеліп, белсенділік танытып, жарқын әсер алды. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып, ұлттық рухын қалыптастыруға ықпал етеді.