«ЭкоLab» жобасы аясында жылыжай ашылды!
Балаларды қорғау күні қарсаңында балабақшамызда табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «ЭкоLab» жобасы аясында жылыжайдың салтанатты ашылуы өтті.
Жылыжай – бүлдіршіндердің өсімдіктерді күтіп-баптауды үйреніп, табиғатқа жанашырлықпен қарауына мүмкіндік беретін танымдық орта. Жоба аясында балалар өсімдіктердің өсу кезеңдерін бақылап, еңбекке баулып, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын тереңірек түсінетін болады.