Мақсаты: Балалардың көңіл-күйін көтере отырып, мерекелік атмосфера қалыптастыру, қауіпсіздік ережелері туралы түсініктерін кеңейту, ойын арқылы ойлау қабілеті мен белсенділігін дамыту, достыққа, ұйымшылдыққа және тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Күлкі күніне орай балабақшада балаларға арналған көңілді ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балаларға қауіпсіздік ережелері қызықты әрі түсінікті түрде түсіндіріліп, түрлі ойындар мен көңілді тапсырмалар өткізілді. Балалар көтеріңкі көңіл-күйде белсенді қатысып, пайдалы ақпарат алып, ерекше әсерге бөленді.
