Балабақшамызда мектепалды «Дәстүр», «Ертегі», «Жарқын» топ тәрбиеленушілеріне арналған «Қош бол, балабақша!» атты мерекелік іс-шара салтанатты түрде өтті.
Іс-шара барысында ата-аналар мен педагогтер түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, алдағы мектеп өміріне сәттілік тіледі. Балабақша қабырғасында алған тәлім-тәрбиелері бүлдіршіндердің болашақта білімді, тәрбиелі азамат болып қалыптасуына негіз болары сөзсіз.
