Педагогикалық «SABAQTASTYQ», «ADAPTATION DAYS» жобасы аясында №61 «Шолпан» балабақшасының «Жарқын», «Дәстүр», «Ертегі» мектепалды топ тәрбиеленушілері №68 Міржақып Дулатұлы атындағы мектеп-гимназияға саяхат жасады.
Балаларды мектептің бастауыш сынып ұстаздары қарсы алып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Тәрбиленушілер мектептің кітапханасын, спорт және музыка залдарын, мұражайын, жылыжайын аралап, сынып бөлмелерімен танысты.
Саяхат барысында балалар өздерінің болашақ мектебі туралы қызықты мәліметтер алып, ерекше әсерге бөленді. Бұл шара балалардың мектепке деген қызығушылығын арттырып, бейімделу кезеңіне оң ықпалын тигізді.
