Балабақшамызда өтіп жатқан «Денсаулық – басты байлығым!» атты денсаулық апталығы аясында тәрбиеленушілердің салауатты өмір салты туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған қызықты іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Балалар денсаулықты нығайтудың маңызын түсініп, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, тазалық сақтау және жеке гигиена ережелері туралы танымдарын арттырды. Әрбір іс-шара бүлдіршіндердің денсаулыққа деген жауапкершілігін қалыптастырып, белсенді әрі сергек өмір салтын ұстануға баулиды.
Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және денсаулықты сақтауға тәрбиелеу.