Балабақшамыздың спорт залында «Ретке келтір!» тақырыбында ата-аналар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен көңілді отбасылық эстафета өтті.
Іс-шараның мақсаты – балаларды ұқыптылыққа, тәртіпке, экологиялық мәдениетке баулу, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Эстафета барысында қатысушылар ұйымшылдық, ептілік, шапшаңдық және бірлесіп әрекет ету дағдыларын көрсетті. Жарқын эмоция мен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл іс-шара отбасы құндылықтарын дәріптеп, балалардың белсенді өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосты.