Шараның мақсаты: тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, жеке және қоғамдық тазалық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
«Таза Қазақстан – дені сау ұрпақ» - бұл тек экологиялық акция ғана емес, табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны таза ұстауға үндейтін жалпыұлттық бастама. Акцияның негізгі мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жас ұрпақты тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Осыған орай №61 «Шолпан» балабақшасында тәрбиеленушілердің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар белсенділік танытып, салауатты өмір салты мен тазалықтың маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтті.
