«Шаңырақ» тобында балалармен ерекше шығармашылық іс-әрекет ұйымдастырылды. Күнделікті тұрмыста қолданылатын пластик қақпақтарды қайта пайдалану арқылы бүлдіршіндер түрлі кейіпкерлер мен қызықты бейнелер құрастырды.
Бұл жұмыс балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеудің маңызын түсінуге ықпал етеді.
Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттері мен ұсақ қол моторикасын дамыту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.