Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында №61 «Шолпан» балабақшасында «Кішкентай тәртіп сақшылары» атты спорттық ойындар сайысы ересек топ тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, батылдық пен жауапкершілікке баулу.
Сайыс барысында бүлдіршіндер түрлі эстафеталық ойындарға қатысып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. Балалар жеңіске деген жігерін танытып, топпен бірлесе жұмыс істеудің маңызын сезінді.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Арман» ересек тобы иеленді. ІІ орынға «Мұрагер» тобы, ІІІ орынға «Зерек» және «Үміт» топтары лайық деп танылды. Жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды.
