Балабақшамызда нәзіктік пен сұлулыққа, шығармашылық пен өнерге толы «Жаз ханшайымы 2026» байқауы өтті.
Бүлдіршіндер өздерінің әсем киім үлгілерін, сахна мәдениетін, өнері мен шығармашылық қабілеттерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әр қатысушының ерекшелігі ескеріліп, түрлі номинациялар бойынша марапаттар табысталды.
Бұл мерекелік шара балалардың өзіне деген сенімін арттырып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және сахнада өзін еркін ұстауға баулыды.
