Балабақшамыздың «Балауса» тобында «Жемістер күні» танымдық-ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер жемістердің түрлерімен танысып, олардың адам ағзасына пайдасы туралы қызықты мәліметтер алды. Балалар танымдық ойындарға қатысып, шығармашылық тапсырмаларды орындап, көтеріңкі көңіл күймен белсенділік танытты. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанудың маңызын түсініп, пайдалы тағамдарға деген қызығушылықтарын арттырды.
Осындай қызықты іс-шаралар арқылы тәрбиеленушілердің салауатты өмір салтына деген оң көзқарасы қалыптасып, денсаулыққа пайдалы әдеттерді дамытуға мүмкіндік беріледі.
«Балауса» тобы
Тәрбиешісі: Хамзина Ақбота